
195-орам, 162-үйде орналасқан.

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

ЖАҚСЫ ОРТА

ҮЗДІК ТӘРБИЕ

БЕЛСЕНДІ БІЛІМ

ОЙЫН АЛАҢДАРЫ

Айнур бөбекжайы
3 топ
Біз туралы
"Айнур" бөбекжай бақшасына қош келдіңіз!
«Айнур» бөбекжай бақшасы Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, 195-орам, 162-үйде орналасқан. Балабақша ұжымы білікті педагогтардан, озық тәжірибелі тәрбиешілерден, аспазшылар және медбикеден құралған. Қызметкерлердің басты мақсаты балалардың жан жақты дамуына толыққанды жағдай жарату. Білім беру және тәрбиелеу мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандартына және бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. Бағдарлама мектепке дейінгі жастағы балалардың дене және психикалық денсаулығын сақтауға, балалар дамуының негізгі көрсеткіші ретінде балалар негізгі құзыреттілігі міндеттерін шешуді қалыптастыруға бағытталған.
«Айнур» бөбекжай бақшасы
«Айнур» бөбекжайы топтары
Мектепке дейінгі ұйымның жобалық қуаттылығы: 89 адам
Мектепке дейінгі ұйымның нақты жүктемесі: 59 адам
Балалар топтардың саны: 3
Мектепке дейінгі ұйымның нақты жүктемесі: 59 адам
Балалар топтардың саны: 3
«Айнур» бөбекжай бақшасы
Ата-аналарға арналған ақпарат
Қауіпсіздік
Балабақшадағы балалардың қауіпсіздігі барлық тараптардың осы мәселеге кешенді көзқарасына байланысты. Қауіптің дамуына жол бермеу үшін балабақша тәрбиешілері ...
Медициналық қызмет
Мектепке дейінгі жастағы балалардың денесін және психологиялық саулығын нығайту, оларды салауатты өмір салтының құндылықтарына баулу әрбір мектепке дейінгі мекеменің басты мақсаты.
«Айнур» бөбекжай бақшасы
Пікірлер

Ата-ана: Әбдікерім Зинура Бахтиярқызы
«Айнур» бөбекжай бақшасы туралы пікірім. Менің ұлым Алтай Сырым Абайды осы балабақшаға 13.08.21 жылдан бері тәрбиеленуде. Балам балабақшаға барғалы бері жақсы қырынан танылып келеді. Өзі тамақ ішетін , сөйлейтін және былдырлап тақпақ айтатын болды. балабақшада үш мезгіл тамақтанады. Тәрбиешісіне алғысым шексіз, осынша баланы игеріп, үсті басы тап-таза қылып жібереді үйге. Мерекелік іш-шараларда баламыз би билеп, ән айтуды да үйренді. Балабақша басшысы Омашова Салтанат ханымға алғысым шексіз.

Ата-ана: Ахмет Ұлжалғас Орынбекқызы
Менің ұлым Юлдашев Дінмұхамед осы балабақшада тәрбиеленуде. Балабақша ұжымына тек табыс, жақсылық тілеймін. Балабақша балаларға үш мезгіл тамағын береді. Балабақша ауласы әсем безендірілген. Балалар ойнайтын әткеншек түрлі-түсті әдемі безендірілген. Балабақша медбикесі таңертен балаларымызды жылы қарсы алып, дене қызуын тексеріп кеңес беріп отырады. Балабақша тәрбиешілері мінезі ашық, кішіпейіл, адамгершіліктері мол, ұйымдастырушылық қабілеттері жоғары. Балабақша ұжымына алғысым шексіз.
«АЙНУР» БӨБЕКЖАЙ БАҚШАСЫ
Біздің тәрбиешілер

