«Айнур» бөбекжай бақшасы Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, 195-орам, 162-үйде орналасқан. Балабақша ұжымы білікті педагогтардан, озық тәжірибелі тәрбиешілерден, аспазшылар және медбикеден құралған. Қызметкерлердің басты мақсаты балалардың жан жақты дамуына толыққанды жағдай жарату. Білім беру және тәрбиелеу мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандартына және бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. Бағдарлама мектепке дейінгі жастағы балалардың дене және психикалық денсаулығын сақтауға, балалар дамуының негізгі көрсеткіші ретінде балалар негізгі құзыреттілігі міндеттерін шешуді қалыптастыруға бағытталған.
«Зерек бала», «Мектепалды даярлық», «Өзін-өзі тану» бағдарламаларын басшылыққа ала отырып, оқу- тәрбие жұмыс жүргізіп отырады.
- Мектепке дейінгі жас балалардың денсаулығын сақтау және нығайтуда отбасымен бірлесе түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану.
- Заманауи технологияны қолдану арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық, тілдік құзіреттілік дамуын жетілдіру.
Балаларға балабақшада жан-жақты жағдай жасалған.Ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста.
Балабақшада үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етілген.Жеміс-жидектер және сүт өнімдері беріледі.
Барлық ертеңгіліктер, іс-шаралар ата-аналардың қатысуымен өткізіледі.
Біздің балабақшаға қош келдіңіздер!

